Қазақстанда бір айда 800 келі есірткі тәркіленген

Қаңтар айында Ішкі істер министрлігі 800 келі есірткі тәркілеген. Сонымен қатар есірткі туралы ақпарат таратқан 1257 сайтты бұғаттап, есірткі тарату туралы ақпарат жариялаған 76 арна мен бот өшірілген.
» 700-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Олардың ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар. 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 есірткі притоны, 17 есірткі зертханасы жойылды»,- деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Биыл 800 келіден астам есірткі, оның ішінде 29 кг синтетика, сонымен қатар 5 тонна прекурсор тәркіленген.
Қаңтар айында Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткі зертханасын ашқан Франция азаматтарын ұстаған болатын.