Lifestyle

PlayStation Network жұмысында бірнеше сағаттық ақау орын алды

PlayStation Network бірнеше сағат жұмыс істемеді / Фото: shutterstock.

PlayStation Network жұмысында бірнеше сағаттық ақау орын алды. Sony компаниясы пайдаланушылардың аккаунттарға, ойындарға, PlayStation Video, PlayStation Store сервистеріне кіруде қиындыққа тап болғанын растады. Сонымен қатар, PlayStation Direct сайты да жұмыс істемей тұр. Бұл ақау PS Vita, PS3, PS4, PS5 және веб-платформаларды қамтыды.

Sony мәлімдемесінде: «Пайдаланушылар ойындарды, қосымшалар немесе желілік функцияларды іске қосу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін», — деп хабарлады.

Мысалы, цифрлық сатып алынған ойындарды жүктеу, достар тізімін қарау, трофейлерді көру немесе PS5 жүйесінде желілік мәртебеңізді анықтау мүмкін болмай тұр.

Sony бұл мәселелерді «мүмкіндігінше тезірек» шешуге уәде берді.

«Қазіргі уақытта кейбір пайдаланушылар PSN жүйесінде қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін білеміз», — делінген компания хабарламасында.

2024 жылдың қазан айында PSN желісіндегі ақау шамамен сегіз сағатқа созылған болатын.

PlayStation 5 танымалдылығының төмендеуіне байланысты Sony-дің күткені болмады.