![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2022/01/old-image-66211.jpg)
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы америкалық New York Post басылымына берген сұхбатында хабарлады.
Сұхбат барысында Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін растады. Алайда әңгіменің ұзақтығына қатысты сұраққа ол: «Мен бұл туралы айтпай-ақ қояйын», – деп жауап берген.
Путин адам өлімін қаламайды
Трамптың айтуынша, Путин ұрыс алаңында сарбаздардың қаза табуына шынымен алаңдайды. Адамдардың өлімінің тоқтауын қалайтынын жеткізген.
Сондай-ақ Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға арналған нақты жоспары бар екенін мәлімдеп, оны жылдам жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Алайда жоспарының қандай болатыны жайлы нақты ақпарат бермеген.
«Украинада сұмдық соғыс болып жатыр. Мен бұл мәселені түпкілікті шешкім келеді», – деп қосты АҚШ президенті.
Дональд Трамптың Украинаға қандай ұсынысы бар?
Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен сирек кездесетін минералдар мен газға қол жеткізу мәселесі бойынша 500 млн долларлық келісім жасасқысы келетінін де айтты.
Ақ үйдің ұстанымы
Қазіргі уақытта Ақ үй ішінде Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша пікір қайшылығы пайда болған. Мәселен, АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтц ресейге қысым көрсетуді қолдаса, өзге шенеуніктер Украинаға көмекті қысқарту қажет деп санайды.
Жуырда Украина мен Ресей жөніндегі арнайы уәкіл Кит Келлог АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейте түсуді жоспарлап отыр деп мәлімдеген еді. Дональд Трамп әкімшілігінің ондағы мақсаты – соғысты тоқтату. Оның сөзіне қарағанда, Мәскеу де, Киев те ымыраға келіп, райынан қайтуы керек. АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге не үшін барып отыр? Келлогтың сөзінше, бұрынғыларына бес балдық шәкіл бойынша «үштік» баға қоюға болады.