Жаңалықтар

Іле Алатауында 3500 метр биіктегі үңгірге шыққан турист аяғын сындырып, төменге түсе алмай қалды

Құтқарушылар туристі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін жеткізді / Фото: ҚР ТЖМ

Іле Алатау тауларында, теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте шыққан турист ауыр жарақат алды. Қазақстандық құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, шетелдік туристі құтқарып қалды.

ТЖМ мәдімдеуінше, 112 пультіне Іле Алатауы тауларында, Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскен.  Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобының құтқарушылары шығып, зардап шеккен адамды теңіз деңгейінен 3500 метр биіктіктен тауып алады. Оның сол аяғы сынған.

Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ мен Алматы қ. құтқару қызметі құтқарушыларының бірлескен күш-жігерімен зардап шегушіні «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады. Оған медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ АМО қызметкерлеріне берілді.,- делінген хабарламада.

ТЖМ  таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.  

Осыған дейін ТЖМ Алматыда қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлаған еді. Жалпы Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар 55 аймақ бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы Іле Алатау жоталарында орналасқан. Мамандардың түсіндіруінше, қар көшкіні температура көтерілуінен және қатты жаңбырдан болады.