Ұлыбританияның оңтүстік-батысындағы Бат қаласында ұрық шашатын орынға беттеген мыңдаған қосмекендіні қорғау үшін жергілікті жолдар алты аптаға жабылды.
BBC мәліметінше, Чарлкомб-лейн 23 наурызға дейін жабық автокөліктер үшін жабық тұрады. Тұрғындар мотоциклмен жүрмес үшін еріктілер көшелерді күзетеді.
Құрбақалар азайып бара жатыр
Ұлыбританияда құрбақа, құйрықты бақа және бақаны қорғау үшін жолдарды жабу тәжірибесі 2003 жылдан бері қолданылып келеді. Оған дейін ұрық шашатын орынға көшкен қосмекенділердің 62 пайызға жуығы көлік дөңгелегі астында қалатын. 2024 жылы бақа шығыны 6 пайыз ғана болған.
Былтыр Бат қаласы маңында бақалардың кейінгі 14 жылда алғаш рет өте белсенді көші байқалды. Жолдың бір шақырымға жуық бөлігін шамамен 3200 амфибия кесіп өтті.
«Амфибиялардың дәл көші жүретін уақытты болжап білу қиындап барады, сол себепті жолды бірден алты аптаға жабу туралы шешім қабылданды», – дейді Charlcombe Toad Rescue Group өкілі Хелен Хоббс.
Еріктілер 600 сағат бойы жолды күзетумен болады. Оларға күнге шағылыспайтын киім, шам, шелек беріледі. Көштен адасып кеткен қосмекенділерді еріктілер сол шелекке жинап, ұрық шашатын орынға жетуге көмектеседі.
Экологи из организации Froglife ұйымындағы экологтардың айтуынша, кейінгі 30 жылда қарапайым құрбақа саны 68 пайызға азайған. Амфибияға көлік, климаттың өзгеруі және оларға ыңғайлы тіршілік ортасының азаюы кері әсер етіп жатыр.