Iphone-да алып қойған жазылым ақысын қайтаруға болады. Қысқа-нұсқа түсіндіреміз

Iphone-да көптеген қосымша ақылы. Кейде қосымшалардағы жазылымды өшіруді ұмытып, опық жеп жатамыз. Өйткені қаражат автоматты түрде алынады. Ал сол қаражатты қайтарып алуға болады. Оның жолын қысқа-нұсқа түсіндіреміз.
1) Әуелі «Реттеулер» белгішесін басып, ішіне кіру керек;
2) Одан кейін аккаунттыңызды басасыз;
3) Ашылған беттен «жазылымдарды» тауып, қолданбайтын ақылы қосымшаны өшіресіз;
4) Мұнан соң браузерден reportaproblem.apple.com сайтына кіресіз. Сайт ағылшынша болғандықтан, қажетті қадамдарды ағылшын тілінде келтіреміз. Қадам-қадам бойынша төмендегілерді таңдап шығасыз:
– I would like to… (жасағым келеді);
– Request a refund (қаржыны қайтарғым келеді);
– Tell us more (бізге толығырақ айтып беріңіз);
– I did not mean to buy this (мен мұны сатып алғым келген жоқ);
– төменнен қайтарғыңыз келетін қосымшаны таңдау;
– Next түймесін басу.
Ашылған бетте өтінім жолданғаны туралы ақпарат шығады.
Өтінім бойынша шешім 24-48 сағатта қабылданып, қаражат 2 апта ішінде қайтарылады. Кейде қосымша қызметі үшін ақы тіпті 2-3 тәулікте қайтарылуы мүмкін.
Айта кетейік, Apple жуырда iPhone SE желісінің кезекті буынын таныстырады. Сарапшылар бұл жолғы бюджеттік iPhone алдыңғы буыннан түбегейлі ерекшеленетінін айтады.