Wildberries-тің негізін қалаушылар ресми түрде ажырасты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Владислав Бакальчук пен Татьяна Ким ресми түрде ажырасты/Фото: Семен Кац/Forbes

22 жыл отасқан кәсіпкерлер, Wildberries-тің негізін қалаушы Владислав Бакальчук пен Татьяна Кимнің ажырасу ісіне нүкте қойылды. Бұл туралы Бакальчук өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«22 жыл бірге болдық. Достар, Татьянамен некеміз ресми түрде бұзылды», – деп жазды ол.

Сот балаларды анасымен қалдырды, ал Владислав Бакальчук оларға алимент төлейтін болды. Мүлікті бөлуге қатысты сот отырысы 18 ақпанда өтеді.

Кәсіпкер бұл жағдайды көңілсіз сәт деп атады. Дегенмен әке ретінде балаларымен кездесуге құқығы бар екенін және олардың тәрбиесіне әрі қарай қатысып, барлық жағынан қолдау көрсететінін айтты.

Татьяна Ким ажырасуды ресми түрде бекітілгенін растады.

«Бұл қиын кезеңнің артта қалғанына қуаныштымын», – деп мәлімдеді ол.

Wildberries-тің негізі қалай қаланды

Бакальчук пен Ким Wildberries маркетплейсін 2000-шы жылдардың басында құрды. ЕГРЮЛ мәліметтеріне сәйкес, «Вайлдберриз» ЖШС-ның 99%-ы Татьянаға, 1%-ы Владиславқа тиесілі.

2023 жылы Wildberries және сыртқы жарнама нарығындағы ірі оператор Russ бірігіп, цифрлық сауда платформасын құруды жоспарлады. Шілде айында екі компания «РВБ» ЖШС атты бірлескен кәсіпорынды тіркеді. Оның құрылтайшылары:

  • «Вайлдберриз» ЖШС (65%),
  • «Русс Аутдор»-дың 99%-ын иеленетін «Стинн» ЖШС (35%).

Ортақ кәсіпорынның атқарушы директоры болып Russ компаниясында осы қызметті атқарып келген Роберт Мирзоян бекітілді.

Бакальчук бұл мәмілеге қарсылық білдірді. Жазда ол Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесіпМирзояндар бауырластығы Wildberries-ті рейдерлік жолмен тартып алды деп мәлімдегенін айтты. Бұған жауап ретінде Татьяна Ким«Бұл рейдерлік басып алу емес, бұл – ажырасу», – деп жауап берді.

Бұдан кейін Владислав Бакалчук Wildberries кеңсесіне келіп, артынша атыс басталды. Атыс кезінде екі күзетші мерт болды.

Полиция Бакалчуктың үстінен қылмыстық іс қозғады. 2024 жылғы қарашада ол Қырғызстан азаматтығын алды

Татьяна Ким мен Владислав Бакальчук 2000 жылдардың басында, танысқаннан бір жарым ай өткен соң үйленген. Олардың жеті баласы бар.

Сондай-ақ оқыңыз