«Баға соғысы» басталды. BYD компаниясы ақылды электрлі көліктерінің бағасын арзандатты
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/01/2024-01-10t000000z_2014979750_mt1nurpho000voqg0a_rtrmadp_3_byd-explorer-no-1-car-carrier.jpg)
Қытайдың BYD компаниясы ақылды электрлі көліктердің бастапқы бағасын 10 000 доллардан төмендетті.
Дүйсенбіде қытайлық BYD компаниясы өзінің көптеген модельдеріне бағаны арзандатты. Интеллектуалды басқарылатын көліктердің бағасын 9 555 доллардан да арзандатып жатыр. Бұл баға Тesla сияқты бәсекелестерден әлдеқайда төмен. Сарапшылар енді баға соғысының басталып кеткенін айтады.
BYD негізін қалаушы Ван Чуанфу Шэньчжэньден тікелей эфирде BYD брендінің барлық үлгілерін компанияның жетілдірілген «God’s Eye» жүргізушіге көмек көрсету жүйесімен жабдықталғанын атап өткен. Мұндай ақылды жүйелер бұдан бөлек бірнеше арзан электрлі көлік модельдеріне орнатылғанын хабарлаған.
Ал бұған дейін жетілдірілген жүйе тек 30 000 доллардан асатын көлік маркаларына қойылып келген. Яғни бұл ақылды электрлі көліктердің арзандай түскенін білдіреді.
«Бұл өзі DeepSeek-ке іспетті. Технология міндетті түрде жоғары деңгейлі болуы керек дегенді білдірмейді. Енді баға соғысы басталуы әбден мүмкін », – деп мәлімдеген Automotive Foresight басқарушы директоры Йель Чжан.