Қаңтарда қандай мамандық иелеріне ең жоғары жалақы ұсынылды?

Жарияланды
Математика пәнінің мұғалімі сұранысқа ие/ Фото: kursiv.media

Қаңтар айында еңбек нарығында математика пәнінің мұғалімдері мен тәрбиешілерге сұраныс жоғары болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінде жазылған.

Министрліктің мәліметінше, еңбек нарығында математика пәнінің мұғалімі, психолог, әлеуметтік педагог сынды мамандықтарға сұраныс жоғары болған.

«Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды. Олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды. Сондай-ақ әлеуметтік педагогтер (173 түйіндеме) мен мектеп психологтері да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді», – делінген министрлік есебінде.

Жалпы білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер мен автомобиль жүргізушілеріне де сұраныс жоғары болған. Сонымен бірге әлеуметтік қызметкер және білім берудегі әлеуметтік педагог сияқты мамандықтарға да жұмыс беруші тарапынан сұраныс артқан.

Жұмыс берушілер бұл айда өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығына ең жоғары жалақы ұсынған. Бұл мамандыққа 741 мың теңге жалақы ұсынылған. Екінші орында авиациядағы инженер мамандығы, жалақысы 93 мың теңге. Үшінші жалақысы жоғары мамандық – бас құрылысшы. Оның жалақысы 605 мың теңгені құраған.

Ал жүмыс іздеушілердің өз резюмелерінде қойған ең жоғары жалақы 1,1 млн теңгені құраған. Мұнда да өңдеуші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары лауазымының жалақысы жоғары болған. 1,1 млн теңге. Сонымен бірге ұшқыш мамандығының жалақысы 1,1 млн теңге көлемінде болған. Жоғары жалақы сұраған үміткерлер қатарында материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы тұр. Оның жалақы көлемі 1 млн теңге.

Сондай-ақ оқыңыз