Жаңалықтар

Трамп енді Пентагонға жұмсалатын қаражатқа тексеріс жүргізуді көздеп отыр

Трамп 2029 жылы президент сайлауына қайта түсе ала ма?
Трамп Пентагон шығындарын қысқартпақшы / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің серіктесі Илон Маскке Пентагонда тексеріс жүргізуді тапсыруы мүмкін. Осылайша АҚШ президенті Пентагонға жұмсалатын қаражаттан миллиардтаған долларға жуық алаяқтық пен орынсыз шығындарды анықтауды көздеп отыр.

«Біз миллиардтаған, жүздеген миллион доллар алаяқтық пен қаражатты артық пайдалану фактілерін табамыз. Білесіз бе, адамдар мені осы себепті таңдады», – деп мәлімдеген Трамп Fox News-ке берген сұхбатында.

Алайда сарапшылар Қаржы министрлігінің деректерінің таралып кету қаупі жоғары екенін айтып, Маск басқаратын ұйымнің DOGE-дің құпия деректерге қол жеткізуіне тыйым салуды ұсынған. Сот ұйымға министрліктің деректеріне кіруіне тыйым салған. Бірақ соған қарамастан Трамп, Пентагон шығындарын қайткен күнде тексеретінін мәлімдеген. Жақын күндері Маск Американың Білім министрлігіне тексеріс жүргізеді. Трамп ол жердегі тексеріс аяқталған соң, оның қорғаныс пен әскери салаға назар аударатынын айтқан.

Айта кетсек, Пентагонның бюджеті жылына 1 трлн долларға жақындайды. Желтоқсан айында бұрынғы президент Джо Байден қорғаныс шығындарына 895 млрд доллар бөлуге рұқсат беретін заң жобасына қол қойған болатын.