Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі 10 жылға сотталуы мүмкін (видео)

Жарияланды
Қырғызстанның заңы бойынша, ұлт араздық тудырғандарға он жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі ықтимал./Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғыздардың Кенесары ханды өлтіргені үшін кешірім сұраған Қырғызстанның әншісі Қайрат Примбердиев тұтқындалды.

Ол мұның алданда Airan.Media бейне каналы арқылы Кенесары мен Орманхан арасындағы тарихи оқиға үшін қазақ халқынан кешірім сұраған еді. Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті әншіні осы сөзі үшін халықаралық араздық тудырды деп күдік келтіріп отыр. Қырғызстанның заңы бойынша, ұлт араздық тудырғандарға он жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі ықтимал.

Әнші кешірім сұраған кезінде Орман ханның Кенесарыны өлтіруге мәжбүр болғанын айтқан еді.

«Мен бұл үшін қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қазір жылағым келіп тұр», – деген еді Қайратбек Примбердиев.

Әнші Кенесары ханның басын қайтарып, рухына Құран оқып, екі ел арасындағы өкпе-ренішті ұмытуға шақырған-ды.

Қайраттың бұл сөзі Қырғызстанда дүрбелең тудырды. Әншіні «қазақтардың үгіт-насихатына шалдықты деп айыптады. Тіпті, Қырғызстанның мәдениет вице-министрі де бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қырғыздардың Орман ханның әрекеті үшін кешірім сұраудың жөні жоқ. Өйткені, ол өз жерін қорғаған.

Кейіннен Қайрат бұл сөзіне шүйліккендерге жауап беріп, екі елдің татулығын сақтау үшін кешірім сұрағанын айтып ақталды.

Сондай-ақ оқыңыз