Lifestyle

Қабатов, Хасанғалиев, Raim: ақпан айында кімдердің концертіне баруға болады?

Қабатов, Хасанғалиев, Raim: Ақпан айында кімдердің концертіне баруға болады?
Қабатов, Хасанғалиев, Raim: ақпан айында кімдердің концертіне баруға болады? / Фото: shatterstock

Тойлаймын деген адамға әр күн мереке. Қазақстандықтар жыл сайын талқылап, жұрттың пікірі екіге бөлінсе де, ақпанның екінші аптасында көп жылдан бері бейресми түрде ғашықтар күні тойланады. Ал біз махаббатты бір күн емес, күн сайын тойлау да артық емес деп есептейміз. Сол үшін алдағы аптаның әр күніне жоспарланған іс-шаралардың тізімін әзірледік. Ішінен керегін таңдап, ғашығыңызды концертке апарып қайтыңыз.

Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орайластырылған кеш

Орал қаласы 12 ақпан

Алдағы аптада Орал төрінде КСРО Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Айналдым елім» еске алу концерті өтеді.

Қазақтың екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін жазып кеткен тау тұлғаны білмейтін қазақ кемде-кем. Оның жырлары бір буынды тәрбиеледі десек те жаңылмаймыз. Рухты үнімен, тамаша туындыларымен қазақ елін әнге бөлеген біртуар тұлғаның өмірден өткені туралы хабар жұртшылықтың қабырғасын қайыстырғаны рас. Алайда Есағаның есімін өшпестей еткен естелігі көп. Оның ең әуелгісі, әрине, оның әндері. Сол әндерін бір тыңдап, тамаша туындылармен сусындап қайтқысы келген, Есағаны сағынған барша өнерсүйер қауым алдағы аптада осы бір еске алу кешіне ағыларына күмән жоқ.

Әуезді ән кешінде Жастар мәдениет сарайының Надежда Нұрпейісова жетекішілік ететін скрипкашылар ансамблі, Мәдениет Меңдіғалиев жетекшілік ететін Е.Абдулов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Бұл кеш те мың бұрылған бишілер де болады. Атап айтқанда өңірлік танымал «Салтанат» би ансамблі сахнаның сәнін кіргізеді. Сонымен қатар кеште Бекжан Абжановтың жетекшілігімен вокалды аспаптар ансамблі және әншілері де сахна төрінен көрінеді. Тау тұлғаны еске алу кеші, әрине, осындай сән-салтанатпен өтеді. Келген көрермен де мұны бағалайтыны анық.

Концерт 12 ақпан күні Орал қаласындағы Жастар шығармашылығы орталығы ғимаратында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

Билет сатып алу үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Тұрсынбек Қабатов «45 жас» концерті

Қонаев қаласы, 13 ақпан

Тұрсынбек Қабатов мансабын актер және тележүргізуші ретінде бастап, комедиялық шоулар мен қойылымдарға қатысу арқылы танымал болды. Өзінің бірегей әзіл стилі мен әртүрлі аудиториямен ортақ тіл табу қабілетінің арқасында беделді болды.

Телевизиядағы қызметінен басқа, Тұрсынбек театр мен кинода да өзін көрсете білді. Оның жарқын рөлдері мен түрлі жобаларға қатысуы оны қазақстандық шоу-бизнестегі ең танымал тұлғалардың біріне айналдырды.

Монологтары ауыздан-ауызға тарап, репликалары көптің жадына сіңіп үлгерді. Жұрт оның қойылымдарын жатқа біледі, мереке күндері әлі күнге теледидарды қосып, «Бүгін Тұрсынбектің концертін көрсететін болар?» деп, көк жәшікке телміретіндер де көп. 

Оны халыққа осынша жақын еткен, әрине, оның әзілдерінің қарапайым халық жайлы болғаны, біз туралы болғаны. Оның аудиториясы да қызық. Өзі 45 -ке келсе де, Тұрсынбекті жас балалар да, орта буын да, қарттар да жақсы көреді. Сондықтан жақында Қонаев қаласында өткелі отырған концертіне билет тез сатылып кетсе де, таңғалмаймыз. 

13 ақпан күні Қонаев қаласындағы мәдениет үйінде сүйікті әзілкештеріңіз жаңа бағдарламамен шығармашылық кеш өткізбек. Әртіс бір күнде екі концерт бергелі отыр, біріншісі 19:00-де, екіншісі 21:30-да басталады. Онысы түсінікті-ақ. Тұрсынбектің әзілін тыңдағысы келетіндер көп. Сондықтан сіз де билет алуға асығыңыз. 

Билеттер әдеттегідей Ticketon.kz сайтына жүктелген. 

Moldanazar тобының жеке концерті

Алматы қаласы 14 ақпан

Ғалымжан Молданазар – отандық музыка әлеміне жаңа серпін беріп, тың формат алып келген жаңашыл әнші. Оның әр туындысы, әр бейнебаяны тыңдарманға мүлдем басқа әлемге, басқа кеңістікке сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды. Сондықтан да болса керек, Ғалымжан дегенде көпшіліктің көз алдына ғарыш айлағы келеді. 

Қазір Ғалымжанның шәкірттері баршылық, тіпті шәкірттерінің өзі біршама танымалдыққа жетіп, өз тыңдарманын тауып үлгерді. Көп жылдан бері Ғалымжан жаңа биікке көтеріліп, Moldanazar тобы ретінде өнер көрсетіп жүр. Бұл – кәдімгі шығармашылық бірлестікке айналған танымал ұжым.

Алдағы аптада бірегей музыкалық топтың қуатты дыбысы мен әсерлі энергиясынн сезініп, айқайлап ән айтып, жұлқынып билеп, ерекше демалып қайта аласыз. Топтың концерттерінің форматы – осы. «Өзіміз» деген сөзге саяды. 

Moldanazar тобы өзінің қайталанбас стилімен, түрлі жанрларды шебер түрде үйлестіре білетінімен танымал, әуенді роктан бастап қарқынды металға дейін, жүректерді дүрліктіретін әсерлі дыбысты жарыққа шығарады. Олар сіздерді өздерінің жүрек түкпіріне жететін мәтіндерімен, техникалық шеберлігімен және қызықты сахналық қойылымдарымен қуантамыз деп уәде беріп отыр. 

Топтың форматы ерекше екенін айттық. Оны Moldanazar кештерінен қалмайтын тыңдарман жақсы біледі. Кеш әдеттегідей Назарбаев даңғылында орналасқан Motor club-та өтеді. 

Басталуы сағат 19:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан алыңыз.

Almaty Fest

Алматы қаласы 15 ақпан

Кейінгі жылдары елімізде фестиваль мәдениеті қарқынды дамып келеді. Әуелде жазғы фестивальдер өткізіліп, он мыңдаған қонақ жинаса, қазір ұйымдастырушылар жыл мезгіліне қарамастан, қысы-жазы фестиваль ұйымдастырып, жастардың басын қосып жүр.

Алдағы аптада Алматыда бас концерт залдарының бірі саналатын Almaty Arena ғимаратында ерекше кеш өтеді. Кеште жастардың сүйікті әншілері, кейінгі жылдары кеңінен танылып жүрген таланттар өнер көрсетеді. Олардың әрқайсына жеке тоқталып өтсек те артық болмайды.

Фестке кімдер қатысатынынан-ақ бұл кештің ерекше өтетініне сенген боларсыз. Бұл, расында, тамаша кеш болмақ. Көңілді әуен шырқап, билеп те аласыз. Лирикалық ән тыңдап, рухани тынығып та қаласыз. Ең танымал деген жұлдыздар жиналған кештің куәсі болыңыз. Тамаша кештен құр алмас үшін билетті алдын ала сатып алуға кеңес береміз. Ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Кеш 19:00-де басталады. Бірақ кешке төрт бірдей тамаша орындаушының тыңдармандары жиналатындықтан, бұл күні ертерек қимылдауға кеңес береміз. Әйтпесе, кептелісте кідіріп қалуыңыз мүмкін.

Il’han, Gassyr&Qanat және Algyt 

16 ақпан Жаңаөзен қаласы

Қазақстанның үздік жас орындаушылары Il’han, Gassyr, Qanat және Algyt бір сахнада бас қосады! Қазіргі заманғы музыканың жанкүйерлерін ерекше атмосфера мен жарқын эмоциялар күтіп тұр. Танымал хиттер мен жаңа туындылардың ерекше орындауында ләззат алуға дайын болыңыз. 

Бұл төрт жігіт қазір өте танымал, бәрі дерлік әлеуметтік желілердің жұлдызы, соңғы шығып жатқан хит әндердің орындаушылары. Ilhan тек ән орындап қоймай, кейінгі жылдары музыкалық чарттарда үздік ондыққа еніп, түрлі марапат алып жүрген хит әндердің авторы екенін бірі білсе, бірі білмейді.

Оның «Бір айда», «Аман болшы, сүйгенім», «Ескі сурет», «Неге арман» дегенін әнін қосыла шырқамаған адам кемде-кем шығар. Aibek есімді жас әншінің «Бауырларым» деген хит әнінің, Садраддиннің «Қанша күн», Gassyr&Qanat орындап жүрген «Мақта қыз» және өзге танымал әндердің композиторы осы – Ильхан Ихсан.

Gassyr&Qanat та кейінгі кездері сахнадан түспейтін жұлдыздарға айналып келеді. Әйгілі «Ақ көйлек» әнінінің орындаушысы Algyt та сол ізбен келе жатқан дарынды орындаушы.

Бәрінің өз аудиториясы, сахнаға шыққанын асыға күтер көрермені бар. Алдағы апта Жаңаөзенде тұратын жастар қатты қуанатыны белгілі. 

Бастысы, ертерек билет алып үлгеріңіз. Ол үшін Ticketon.kz сайтына кіру керек. 

Концерт қаладағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде өтеді. Басталуы сағат 20:00-де.

Бұл кеш ұмытылмас музыкалық саяхатқа айналады! Билеттерді алдын ала сатып алып, достарыңызбен бірге ең жарқын концерттің куәсі болыңыз!