Жаңалықтар

«1 бөлмелі пәтер 87 мың теңге». Қазақстанда пәтерақысы ең төмен қала белгілі болды

Қазақстанда пәтерақы ең төмен қала белгілі болды/: Фото: shutterstock

Ел бойынша пәтер жалдау ақысы бір жылда 10% көтерілген. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынып отыр.

2024 жылғы қаңтар мен 2025 жылғы қаңтар аралығында тұрғын үйді жалға алу Астана (30,1%), Талдықорған (27,7%), Шымкент (19,6%) қалаларында қатты өскен.

Ал бір айдың ішінде абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 2%-ға өскен. 

Пәтер жалдау қай қалада арзан

Қазақстанда пәтерді жалға алу 1 шаршы метр үшін 4 533 теңге. Ең жоғары жалға алу құны Алматыда. Бұл қалада 1 шаршы метр – 5453 теңге. Ең төменгі жалдау құны Таразда – шарты метр үшін 2177 теңге.

Көлемі 40 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтердің өңірлердегі орташа жалға алу құнын есептейік.

Астанада – 205 160 теңге.

Алматыда – 218 120 теңге.

Шымкентте – 151 800 теңге.

Ақтауда – 131 120 теңге.

Ақтөбеде – 104 840 теңге

Атырауда – 146 440 теңге

Жезқазғанда – 156 640 теңге.

Көкшетауда – 127 160 теңге.

Қарағандыда – 173 960 теңге.

Қонаевта – 148 800 теңге.

Қостанайда – 115 760 теңге.

Қызылордада – 106 120 теңге.

Оралда – 123 640 теңге.

Өскеменде – 124 080 теңге.

Павлодарда – 104 040 теңге.

Петропавлда – 128 600 теңге.

Семейде – 134 480 теңге.

Талдықорғанда – 131 120 теңге.

Таразда – 87 080 теңге.

Түркістанда – 103 720 теңге.

Бұған дейін сарапшы Қайрат Қожанов 2025 жылы пәтер бағасы қымбаттай түсетінін айтқан. Оның сөзінше, қымбатшылыққа құрылыс материалдарының сырттан әкелінетіні, урбанизация процесі, туу көрсеткішінің артуы сияқты факторлардан туатын сұраныс, жалпы инфляция секілді себептер әсер етеді.