Елорда полициясы сусынға есірткі қосатындар көбейгенін айтып, қыздарға ескерту жасады
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/9a8e2030-e840-11ed-855a-5515087ff7a2-1024x607.jpg)
Астана қаласы полиция депарламенті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қыз балаларға ескерту жасады.
Полиция хабарламасында соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталғаны айтылады.
«Қылмыскерлер бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүріңіздер» дейді басқармадағылар.
Құзырлы орган мұндай жолақтар дәріханаларда сатылатынын айтады.
«Кішкентай, көп орын алмайтын жолақтар бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектесед» делінген хабарламада.
Полиция мұны қылмыстың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі екенін атап өтті.
Бұдан бөлек соңғы уақытта қыздардың қыр соңынан қалмау, олардың әр басқан қадамын аңдуды қылмыстық кодекске енгізу мәселесі көтеріліп келеді. Соған байланысты қылмыстық кодекске сталкиң түсінігін енгізу қарастырылып жатыр.