«Заңды сыйлағандықтан келіспедік». Райм мен Еркенің АҚШ-тағы концерттері өтпейтін болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Райм мен Еркенің АҚШ-тағы концерттері өтпейтін болды/Фото: Ерке Есмахан/Instagram

Жұлдызды жұп Райм мен Еркенің қыркүйек айына жоспарланған АҚШ-тағы концерттері өтпейтін болды. Себеп – виза алудағы мәселелер. Әртістер мұны ұйымдастырушылардан көреді.

Ерке Есмаханның айтуынша, ұйымдастырушылардың қателігінен ұзағырақ мерзімге виза ала алмай қалған.

«Ақпанның 5-і визаға тапсыруға бардық. Кеше 10-ы күні қолыма паспортымды визасымен алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты маған 2-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-сіне дейін. Біздің концерттердің уақытымен мүлдем сәйкес емес» деді әнші инстаграм парақшасында.

Еркенің сөзінше, АҚШ-тағы концерттер Чикаго, Лос-Анджелес, Хьюстон және Нью-Йоркте 12-18 қыркүйек аралығында өтуге тиіс болған.

Әнші ұйымдастырушылар сонда да келе беріңдер деп отырғанын, алайда заңды сыйлағандықтан келіспегенін, ақылдаса келе АҚШ-қа бармауды ұйғарғанын атап өтті.

«Ұйымдастырушылар заңды бұзбай ұшпайтынымызға ренжулі» дейді ол.

Олар өнерлі отбасыға виза алуға желтоқсан айында бармағанына ренжіген. Әртістер түсірілім мен шетелдік демалыстан шыға алмаған көрінеді.

Сондай-ақ оқыңыз