![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/5287526902757715325.jpg)
Жұлдызды жұп Райм мен Еркенің қыркүйек айына жоспарланған АҚШ-тағы концерттері өтпейтін болды. Себеп – виза алудағы мәселелер. Әртістер мұны ұйымдастырушылардан көреді.
Ерке Есмаханның айтуынша, ұйымдастырушылардың қателігінен ұзағырақ мерзімге виза ала алмай қалған.
«Ақпанның 5-і визаға тапсыруға бардық. Кеше 10-ы күні қолыма паспортымды визасымен алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты маған 2-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-сіне дейін. Біздің концерттердің уақытымен мүлдем сәйкес емес», – деді әнші инстаграм парақшасында.
Еркенің сөзінше, АҚШ-тағы концерттер Чикаго, Лос-Анджелес, Хьюстон және Нью-Йоркте 12-18 қыркүйек аралығында өтуге тиіс болған.
Әнші ұйымдастырушылар сонда да келе беріңдер деп отырғанын, алайда заңды сыйлағандықтан келіспегенін, ақылдаса келе АҚШ-қа бармауды ұйғарғанын атап өтті.
«Ұйымдастырушылар заңды бұзбай ұшпайтынымызға ренжулі», – дейді ол.
Олар өнерлі отбасыға виза алуға желтоқсан айында бармағанына ренжіген. Әртістер түсірілім мен шетелдік демалыстан шыға алмаған көрінеді.