Жаңалықтар

«Келесі жолы баяндаманы толық қазақша жасасаңыз, жақсы болады» – Олжас Бектенов шенеунікке ескерту жасады

Олжас Бектенов шенеунікке ескерту жасады / фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндамасын орыс тілінде жасады.

Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов оған келесі жолы баяндаманы толық қазақша жасау керектігін ескертті.

«Дмитрий Андреевич, қазақша еркін сөйлейді екенсіз ғой. Келесі жолы баяндаманы толық қазақша жасасаңыз, жақсы болады», – деді Бектенов.