Lifestyle

Дастан Сәтпаев Челси сапында ойын өткізіп, 3 гол соқты

Дастан Сәтпаев Челси сапында ойын өткізіп, 3 гол соқты / фото: архив kursiv,media

Қазақ футболының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев Англияның атақты «Челси» клубымен келісімшарт жасап, 3 голмен көзге түсіп үлгерді. Бұл туралы ойыншы «Қайрат» футбол клубының әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде айтып берді.

2024 жылдың қарашасында 16 жастағы Дастан лондондық клубта екі апталық сынақтан өтті. Алғашында «Челси» U16 жастар санатынды бақ сынаса, кейін 19 жасқа дейін құрамына ауысты, ал соңында жастар командасы – U21 сапына қосылды.

Дастан Сатпаевқа өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін көп уақытты қажет еткен жоқ. «Челси» U21 жастар командасы сапында бір матчында-ақ 3 гол соғып хет-трик жасады. Қазақстандық ойыншының дриблинг қабілеті, ойын оқу шеберлігі және шешуші сәттерде салқынқандылық танытуы ағылшын мамандарын тәнті етті.

Лондондық клубтың басшылары жас таланттың әлеуетіне сеніп, оған ресми келісімшарт ұсынды. Сонымен қатар «Челси» клубының арнайы бапкері Алматыға келіп, «Қайрат» базасында Дастан Сатпаевпен жеке жұмыс істейтін болады.

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапынан ағылшындық «Челсиге» 4,3 млн еуроға ауысты. Бірақ ойыншы «Челси» сапында 2026 жылдың тамыз айында (18 жасқа толған кезде) ғана өнер көрсете алады.