![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/bolashak-programma-1024x576.png)
Мектепте үздік оқып, ғылыми конкурстар мен олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар енді бірден «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқуға өтініш бере алады. Кеше, 10 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектептің дарынды түлектері елдегі ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа немесе «Болашақ» бағдарламасымен шетелде бакалавриатқа тапсыруға мүмкіндік алады. Депутаттардың ұсынысы бойынша қабылданған бұл заң негізінде дарынды жастардың шетелге кетуіне жол бермей, өз еліне қызмет етуіне жол ашады.
Заң жобасын әзірлеген депутат Асхат Аймағамбетов ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен талай талантты балаларға шетел университеттері жағдай жасап, солайша Қазақстан болашағына қажетті мықты мамандардан айырылып қалып жатқанын айтқан болатын.
«Біз оларды жай ғана «жоғалтып жатырмыз. Енді бұл балалар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып, ең үздік университеттерде «Болашакпен» білім алып, елімізге қайтып, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істейтін болады», – деді депутат.
Сонымен бірге заңға сәйкес, қазақ тілін дамытуға бағытталған Ұлттық тіл корпусы құрылады.