Қосылған құн салығынан кімдер босатылады – Жұманғарин

Жарияланды
қосылған құн салығынан
Қосылған құн салығынан кімдер босатылады / Фото: Асқар Ахметуллин

Қосылған құн салығынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мүлде босатылады. Бұл туралы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Министр ҚҚС бойынша базалық мөлшерлеме – 16%-ды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ салықты бұл деңгейге көтеру ұлт экономикасына қалай әсер ететінін тізіп шықты.

«Қосылған құн салығы (ҚҚС) – мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көздерінің бірі. Ол мемлекеттік бюджет кірістерінің 25%-ын құрайды. ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру арқылы бюджеттің тұрақсыз мұнай кірістеріне тәуелділігін азаяды. Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеді. Мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді», – деді министр.

Салық мүлде төлемейді

Министрдің айтуынша, ҚҚС-тен ауылшаруашылық тауарын өндірушілер толық босатылады. Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Жаңа кодексте сол норма сақталады. Салық төлемейтін кәсіпкерлер қатарына енді ауылшаруашылық өнімдерін өндіретіндер кіреді.

«Заңды тұлға ретінде тіркелген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ҚҚС-тың 30%-ын ғана төлейтін. Енді олар мүлдем төлемейтін болады. Бұл қадам Қазақстанда өндірілген картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат сынды өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді», – деді министр.

Сондай-ақ салықтың көтерілуі негізінде:
  • Жыл сайын салықтық түсімдер 4-5 трлн теңгеге артады;
  • Ұлттық қорға тәуелділікті азаяды;
  • Мемлекеттік қарыз деңгейін төмендейді;
  • Инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі және қорғаныс салаларын дамытуға жұмсалады.
Инфляциялық әсері қандай болмақ?

Жұманғарин салық көтерілгені себепті инфляцияның да уақытша көтерілуі мүмкін екенін айтты.

«Салықтың көтерілуінен туындайтын инфляция уақытша сипатқа ие болады және бір жыл ішінде реттеледі. Қосымша инфляция 3%-дан аспайды деп күтілуде», – деді ол.

Айта кетейік, үкіметтің қосылған құн салығын 16%-ға көтеру туралы шешімге келгенін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз