Енді тіркелмеген телефондар бұғатталады

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда тіркелмеген телефондарды бұғаттайды / Фото: shutterstock

Енді Қазақстандағы мобильді құрылғыларды тіркеу және тазарту жұмыстары күшейе түседі. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа осындай өзгеріс енгізбекші.

Жаңа ережелерге сәйкес, барлық мобильді құрылғы үш санатқа бөлінеді:

  • Ақ тізім – ресми түрде тіркелген және ұялы байланыс желісінде жұмыс істеуге рұқсат етілген құрылғылар.
  • Сұр тізім – деректері әлі расталмаған құрылғылар. Олар уақытша байланысқа шыға алады, бірақ 30 күн ішінде тексеруден өтуі керек.
  • Қара тізім – ұялы байланыс қызметіне тыйым салынған құрылғылар.

Қара тізімдегі құрылғыларды бұғаттауы мүмкін. Оған қандай құрылғылар жатады:

  • Өзгертілген немесе дұрыс емес IMEI-коды бар телефондар.
  • Зауыттан шыққанда көрсетілген идентификаторы жоқ құрылғылар.
  • GSMA базасында ұрланған немесе жоғалған ретінде тіркелген гаджеттер.
  • Кедендік рәсімдеуден ресми түрде өтпеген құрылғылар.

Мобильді құрылғыны қалай тексеру керек?

Енді кез келген телефонды тіркейтін кезде оператор алдымен IMEI-кодын, иесінің ЖСН-ын және оған қатысы бар деген нөмірлерді тексереді. Егер гаджет тексеруден өтпесе, бірнеше сағат ішінде «қара тізімге» енгізіледі. Содан кейін байланыс операторы иесіне қызметтің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Егер құрылғы туралы деректер базада болмаса, ол «сұр тізімге» енгізіледі. Телефон иесі 30 күнге дейін пайдалана алады. Бірақ сол уақыт ішінде заңды түрде рәсімдеп үлгермесе, «қара тізімге» ілініп бұғатталады.

Ескеру керек бір жайт, егер телефоныңызды жөндеткеннен кейін IMEI коды өзгерсе, GSMA базасына жаңартылған ақпаратты енгізуі керек. Содан кейін гаджетті жаңа құрылғы ретінде қайта тіркейді.

Жаңа өзгерістер осы жылдың наурызынан бастап күшіне енеді

Егер телефон сатылатын болса, онда ішіндегі қосымша деректерін толық тазалап тастау керек. Ол туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз