Қазақстандық банктердегі ақша көлемі қатаң бақылауға алынады

Жарияланды
Ақша-несие саясатындағы МРТ деңгейі төмен / Фото: Асқар Ахметулин

Ұлттық банк сарапшылары Қазақстан мен көршілес елдердің банктеріндегі минималды резервті талаптарды (МРТ) қолдану тиімділігін зерттеп көрді. Мамандар еліміздегі МРТ деңгейі көршілермен салыстырғанда өте төмен, баяу жұмыс істейді, қайта қарау керек деген шешімге келді.

МРТ деген не?

Минималды резервті талаптар – ақша-несие саясатының ең универсалды құралдарының бірі. МРТ банктерді Орталық банктің есепшотында белгілі бір жинақ сақтауға міндеттейді. Әдетте Ұлттық банк бұл құралды өтімділікті реттеу үшін және қаржылай тұрақтылықты сақтау үшін пайдаланады.

МРТ бірнеше функцияны атқарады:

  • ақша нарығы мөлшерлемесі мен өтімділікті реттеу
  • қаржылай ұйымдар үшін өтімділік буферін жасау
  • жүйелік тәуекелдерге қарсы тұру үшін бүкіл жүйенің тұрақтылығын арттыру
  • түрлі экономикалық режимдерде ақша-несие саясатының тиімді жүзеге асырылуына үлес қосу

МРТ деңгейі Қазақстанда қандай?

Көрші елдер МРТ-ны қалай қолданатынын зерттеу үшін Ұлттық Банк сарапшылары Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның Орталық банктеріне талдау жүргізген.

» Соның нәтижесіне сәйкес, аталған елдерде (Қазақстанды есепке алмағанда) ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша орташа МРТ нормативі 4-4,5%, ал шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша шамамен 15% деңгейінде. Қазақстанда МРТ нормативтері айтарлықтай төмен (2%, 0%, 1%, 3%), бұл өтімділіктің құрылымдық профициті жағдайында олардың тиімділігін айтарлықтай шектейді», – деген қорытынды жасайды мамандар.

Ұлттық банк сарапшыларының түсіндіруінше, елде жинақталған өтімділік құрылымдық профициті (банктердің артық қаражатты Ұлттық банкке орналастыруы) және оны жоғары негізгі мөлшерлеме жағдайында жабу шығындарына байланысты мәселелер бар. Ол бірінші кезекте МРТ механизмін реформалау керек дегенді білдіреді.

«Ол ұлттық экономиканың ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді реттеуші мамандары.

Сондай-ақ оқыңыз