Республиканың бірнеше өңірінде жол жабылды
Жарияланды

11 ақпанда сағат 19. 00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдардың бірқатарында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» хабарлайды.
Атап айтқанда, мұндай шектеулердің Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына қатысы бар.
Абай облысы:
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).
Жолдар 12 ақпан сағат 07:00-де ашылады деп жоспарланған.