Астанада жасөспірім лифтіде бес жастағы балаға пышақ жұмсады (видео)

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Нападение
Жасөспірім бес жастағы балаға пышақ жұмсады / фото: shutterstock

Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жас балаға бірнеше мәрте пышақ сілтеген жасөспірім ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан баланың күретамыры зақымданған, қазір ауруханада жатыр.

Жантүршігерлік оқиға тұрғын үй лифтісінде болған. Белгісіз біреу қалтасынан пышақ алып шығып, бес жастағы баланың бетін бірнеше мәрте тілді. Лифтіге орнатылған бейнекамера түсірген видео әлеуметтік желілерде тарады. Күдікті кем дегенде бес мәрте пышақ жұмсады.

Мәліметтерге қарағанда, шабуылдаушы жасөспірім психикалық ауруға шалдыққан. Ол 14 жаста болуы мүмкін.

Назар аударыңыз, видеода зорлық көрсету әрекеті бар: +18

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жәбірленуші жедел жәрдеммен екінші балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін айтты.

Астана қалалық полиция департаментіндегілер жасөспірімнің психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын растады.

«Оның (күдіктінің) заңды өкілдері полицияға шақыртылды. Олар бала тәрбиесі міндетін дұрыс атқармағаны үшін заң ережесіне сай қатаң жауапқа тартылады», – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ оқыңыз