Kaspi Bank S&P рейтингінен бас тартты
Жарияланды

Kaspi Bank екі бірдей жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктері – Fitch және Moody’s тарапынан бағаланатындықтан, S&P рейтингінен бас тартты. Үшінші рейтингтің болуы міндетті емес. Kaspi Bank-тың қазіргі кредиттік рейтингтері елдегі барлық банктер арасында ең жоғарылардың бірі.
Moody’s 2024 жылдың қыркүйек айында Kaspi Bank-тың ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингін «Ba1»-ден «Baa3» деңгейіне дейін көтерді. Болжам – «Тұрақты». Ұлттық өлшем бойынша банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингі – A2.kz. Сондай-ақ, Kaspi Bank-тің базалық несие қабілеттілігі «ba3»-тен «ba2» деңгейіне көтерілді.
Fitch те 2024 жылдың қыркүйек айында Kaspi Bank-ке инвестициялық деңгейдегі «BBB» – рейтингін берді, болжам – «Тұрақты».