Ақпан-сәуір айларында 4 облыста қауіпті қар көшкіні жүруі мүмкін. ТЖМ ескерту жасады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Республика аумағында қар көшкіні қаупі бар 619 учаскеде сақталып отыр / Фото: shuttershctock

Қазақстанның бірнеше өңірінде аса қауіпті қар көшкіні жүруі мүмкін. Әсіресе ақпан сәуір айларында күшейеді деген болжам бар. Осылай деп хабарлаған Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа шұғыл ескерту жасады.

Қазіргі уақытта республика аумағында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып отыр. ТЖМ көшкіннің күшейетін және ең қауіпті кезеңдері қыстың басы мен көктемнің басы екенін  хабарлайды.

«Бүгінгі таңда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердегі қар көшкіні ортаңғы таулы аймақтарда орташа қар көшкіні қаупі бар, ал биік тауларда қар көшкіні қаупі жоғары қала береді»,—  делінген министрліктің хабарламасында.

Мамандардың болжауынша 2025 жылы бұл өңірлерде көшкін белсенділігі ақпан-сәуір айлары аралығында артуы мүмкін. Бұл әсіресе температураның күрт ауытқуы, қалың қар жаууы және қарлы боран болуы мүмкін биік таулы аймақтарға қатысты. Жалпы көшкін қаупі бар кезең басталғалы 24 мәрте қар көшкіні тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз