![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/kazahstanskie-lekarstva-1024x576.png)
2024 жылы Қазақстанда отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 22%-ға ұлғайды. Алматыда фармацевтер форумында lенсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев осылай деп мәлімдеді.
Шенеуніктің айтуынша, былтыр отандық дәрі өндірісінің үлесі 171,6 млрд теңгеге ұлғайған. Бұған қоса кейінгі 7 жылда осы салаға тартылған инвестиция көлемі 9,5%-ға артқан.
Алматыда кешелі бері өтіп жатқан екі күндік форумға жергілікті фармкомпаниялардың 200-ден аса өкілі, халықаралық фармөндірушілер қауымдастығының басшылары қатысты.
Басқосуда республикада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелері мен фармацевтика саласын дамыту, дәрі-дәрмек нарығына шығу мәселелері талқыланды.
Айта кетерлік жайт, осыдан төрт жыл бұрын – 2021 жылы Қазақстанда 121 млрд теңгенің отандық дәрі-дәрмегі өндірілген. Сол кезде Үкімет оның үлесін 2025 жылға қарай 30 пайызға ұлғайтуды жоспарлаған.