Банк пен қаржы

Mega Center биржадағы акцияларының алынуына қатысты пікір білдірді

Mega Center акциялары енді биржада саудаланбайды / Фото: shutterstock

Mega Center Managment Қазақстан қор биржасындағы акцияларынан ерікті түрде бас тартты және оған компанияның болашақ жоспарлары себеп. Бұл туралы баспасөз қызметі таратқан хабарламада жазылған.

«Mega Center Management» АҚ Қазақстан қор биржасындағы қарапайым акцияларын ерікті түрде делистинг жасағанын жариялады. Компанияның ұзақ мерзімді жоспарында жаңа инвесторлар тартуды және IPO-ға шығу деген мақсат жоқ. Себебі өзінің стратегиялық мақсатын жүзене асыру үшін қаржылай және операциялық ресурсы жеткілікті. Осыны ескере отырып, «Mega Center Management» АҚ биржа тізімнен компания акцияларынан алып тастауға шешім қабылдады», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Бүгін Қазақстан қор биржасында Mega Center Managment-тің акцияларына делистинг жасағаны туралы құжат жарияланды. Бұл компанияның биржадағы құнды қағаздары енді саудаланбайды дегенді білдіреді.