
2024 жылы Қазақстанда туризм саласына салынған инвестициялар көлемі айтарлықтай өсім көрсетті. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, негізгі капиталға құйылған қаржы 947,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға артты (787,3 млрд теңге). Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңге болған.
Өсім байқалған өңірлер
Инвестициялар көлемінің артуы 15 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсім көрсеткен аймақтар:
- Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға артты (26 млрд теңге);
- Ұлытау облысы – 84,2%-ға артты (4,7 млрд теңге);
- Қызылорда облысы – 63%-ға артты (33,7 млрд теңге);
- Түркістан облысы – 45,6%-ға артты (81,2 млрд теңге);
- Атырау облысы – 31,3%-ға артты (23,5 млрд теңге).
Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі туризм өкілдері Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесуде қосылған құн салығы көтерілетін болса, ішкі туризмге үлкен қауіп төніп тұрғанын айтты.