Қазақстандықтар Әулие Валентин күніне қандай сыйлықтар жасайды

Жарияланды 12 Ақпан 2025 14:56

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстандықтар Валентин күніне қандай сыйлықтар жасайды / фото: shutterstock

Әулие Валентин күні – сезіміңізді білдіруге және сүйіктіңізге ерекше сыйлық жасауға тамаша мүмкіндік. Қазақстанда бұл мереке дәстүрлі саналмаса да, көпшілік жақындарына сыйлық жасап, көңіл бөлуге тырысады.

OLX аналитикалық қызметі 2024 және 2025 жылдары қазақстандықтардың ең көп іздеген сыйлықтарын сараптап, қандай тауарлар ең жоғары сұранысқа ие болғанын анықтады.

Әйелдерге арналған сыйлықтар

14 ақпанда ер адамдар сүйіктілеріне ерекше сыйлық жасауға тырысады. Сондықтан бұл мерекенің ең дәстүрлі сыйлықтарының бірі – гүл шоқтары. 2024 жылы OLX-те гүл сатуға байланысты 5 534 хабарландыру жарияланып, оған 31 215 рет жауап берілсе, 2025 жылы олардың саны 5 818-ге жетіп, сұраныс 23 451-ге азайған.

Ал зергерлік бұйымдар, әсіресе, білезіктер, ең танымал сыйлықтардың бірі болды.

  • 2024 жылы: 2 322 хабарландыру, 4 639 қаралым
  • 2025 жылы: 1 778 хабарландыру, 3 071 қаралым

Классикалық сыйлықтардың бірі әйелдер сағаты:

  • 2024 жылы: 1 796 хабарландыру, 1 374 қаралым
  • 2025 жылы: 1 740 хабарландыру, 1 163 қаралым

Парфюмдер де әрдайым сұраныста.

  • 2024 жылы: 7 196 хабарландыру, 11 577 қаралым
  • 2025 жылы: 5 926 хабарландыру, 7 339 қаралым

Шоколад, жеміс және тәттілерден жасалған букеттер – ерекше және әмбебап сыйлық түрі. Бірақ олардың сұранысы азайған:

  • 2024 жылы: 2 440 хабарландыру, 6 674 қаралым
  • 2025 жылы: 1 220 хабарландыру, 1 623 қаралым

Сұлулық пен күтімді бағалайтын нәзік жандар үшін Dyson шаш кептіргіші ең қалаулы сыйлықтардың бірі:

  • 2024 жылы: 724 хабарландыру, 1 327 қаралым
  • 2025 жылы: 572 хабарландыру, 929 қаралым

Ерлерге арналған сыйлықтар

Әйелдер де ерлеріне ерекше көңіл бөледі. OLX мәліметтері бойынша, ер адамдарға арналған ең танымал сыйлықтар қатарында Apple Watch сағаттары көш бастап тұр:

  • 2024 жылы: 1 606 хабарландыру, 3 789 қаралым
  • 2025 жылы: 1 249 хабарландыру, 3 695 қаралым

Қазіргі таңда AirPods сымсыз құлаққаптары да трендте:

  • 2024 жылы: 3 920 хабарландыру, 10 709 қаралым
  • 2025 жылы: 3 366 хабарландыру, 8 499 қаралым

Ерлер сағаттары – дәстүрлі сыйлықтардың бірі:

  • 2024 жылы: 6 562 хабарландыру, 9 025 қаралым
  • 2025 жылы: 5 767 хабарландыру, 7 008 қаралым

Ал стильді иыққа асатын ерлер сөмкесі ерекше сұранысқа ие:

  • 2024 жылы: 665 хабарландыру, 1 400 қаралым
  • 2025 жылы: 515 хабарландыру, 694 қаралым

Қауіпсіз сауда

Көп адамдар қалаған затын тапқан кезде, қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан алдын ала төлем жібермеңіз. Бөгде сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз мессенджерлер арқылы сөйлеспеңіз. Банктік карта деректерін ешкімге бермеңіз – сенімді сатушылар ешқашан мұндай ақпаратты сұрамайды.

Сондай-ақ оқыңыз