Лифтіде пышақталған баланың анасы сұхбат берді

Жарияланды
«Бір күн бұрын маньяктар туралы кино көрдім де, Батырға көрсетейін дедім»/фото: shutterstock

Лифтіде пышақталған баланың анасы Айнұр оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді.

Жетінші арнаның ақпаратына қарағанда, анасы бес жасар Батырды картоп алуға жіберіп, өзі терезеден бақылап тұрған.

Анасы есік алдында күткен

«Баламды картоп алуға жібергенмін. Біздің үш баламыз бар. Кішкентайым – алты айлық. Барып келе жатқанын терезеден көріп тұрдым. Батыр үйге кіріп келе жатыр. Анау бір жақтан жүгіріп кірді. Мен есікті ашып, кіреберістен қашан келеді деп күтіп тұрдым. Видеодан көрсеңіздер, ол басқа қызбен сөйлесіп келді», – дейді анасы.

Анасы терезеден Батырдың домофон арқылы есікті ашып жатқанын көреді, ал басты мәселе, лифтіде пышақталған баланың кейінгі оқиғасы еді.

«Батыр ашық балады. Барлық адаммен сөйлесіп кете береді. Бір күн бұрын маньяктар туралы кино көрдім де, Батырға көрсетейін дедім. Жүрегім сезген екен. «Ондай адамдардан қорықпа. Көрсең, қашып кет», – деп ертеңіне айтқым келген», – деді лифтіде пышақталған баланың анасы.  

«Мама, мені өлтірді»

Айнұрдың айтуынша, арада ұзақ уақыт өтпеген.

«Он бес секундқа ғана созылған шығар. Батырдың: «Мама, мені өлтірді. Мені өлтіргісі келді», – деп жүгіріп келе жатқанын көрдім. «Кім тиісті, жаңа ғана жап-жақсы келе жатыр едің ғой?» – деп сұрадым. Оған балалар алаңқайында біреулер тиіскен екен деп ойладым. Бетінің сау-тамтығы жоқ. Бетінен қан субұрқақ секілді атқылады.  Мен қан ағып жатқан жерін басқан сайын, ол шалқалап құлай бастады. Қызымның кофтасын алып, жарасын басып ұстадым», – дейді Айнұр.

Лифтіде пышақталған баланың анасы есеңгіреп, жаралы баласын тастап, тиіскен адамды іздемек болған. Құдай жарылқағанда, көрші пәтердегі отбасы дәрігерлер екен. Әйелі – терапевт, күйеуі – хирург.

«Барлық жер қан болды»

«Соларға звандадым. Көршім Әсемнің атын ұмытып қалып, қоңырау әрең шалдым. Аптечкасында барлық құралдары болды. Көршімнің күйеуі жүгіріп келіп, ауруды басатын, қанды тоқтатын екпе салды, қанды тоқтатты. Мына жердің бәрі, үйдің-іші қан болды. Жуыну бөлмесі туралы мүлде айта алмаймын», – деп жылады анасы.

Көрші дәрігер дереу  полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалуға шақырған.

«Айнұр, қарашы. Оның жарақаты терең. Оны бірдеңемен пышақ пен бе, концелярлық пышақпен бе кескен», – деген дәрігер. Көрші дәрігер жарақатын тіге алатынын, бірақ артерияға да, жүйкеге де зақым келгенін  айтқан. Анасы дереу полицияға, жедел жәрдемге және МИБ төрағасына қоңырау шалған.

«Бейнежазбаны чаттан көрдім»

«Батыр бұл кезде есінен танып жатып қалды. Ана жақта кіші балам жылап жатыр. Мен не істерімді білмей есім ауып қалды», – дейді лифтіде пышақталған баланың анасы.

Лифтерлер, полиция келген. Бейнежазбаларды қарап, оперлерді тартқан. Оған пышақ салғанын айтқан. Бейнежазбаны сол үйдің чатына салыныпты.

«Сол кезде оған не істегенін көрдім. Шизофрения ауыратын ауру болса, неге еркін жүр? «Мамасы қайда қараған?» деп мені айыптап жатыр» – деп сауал тастады Айнұр.  

«Ауыр жарақаты құлағының түбінде»

Лифтіде пышақталған баланың анасының айтуынша, батырдың тамағына пышақ салған кезде мойын орағышы мен күртешесі сақтап қалыпты.

«Мен ашылып кеткен жерін ғана баса беріппін. Құлағының түбіндегі жарақатқа мән бермеппін. Ең қауіптісі сол жара болып тұр. Күдіктіні тез – 30 минуттың ішінде тауып алды. Полиция мен жедел жәрдем шұғыл әрекет жасады. Ризашылығымды білдіргім келеді. Жедел жәрдем система салып, тез әкетті», – деді Айнұр.  

Баланың хәлі қандай?

Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы №2 көп салалы балалар аурухананың дәрігері хабарлаған. Бес жасар бала ауруханаға жатқызылып, ота жасалған.  Дәрігерлердің бағалауынша, баланың жалпы хәлі ауыр. Отадан кейін жағдайы тұрақталған. Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек, мамандардың кеңесі беріліп жатыр.

Мұның алдында Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жас балаға бірнеше мәрте пышақ сілтеген жасөспірімнің ұсталғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз