Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен кездесті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Президенті Владимир Путинге сәлем жолдады / akorda.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады. Ол бауырлас халықтар арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде сақталатынын айтады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі мен өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  Президент Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторлардың біріне айналғанын атап өтті.

«Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Мемлекеттеріміздің құқық қорғау органдары, әскери ведомстволарының арасындағы байланыс та ойдағыдай өркендейді деп санаймын. Менің ойымша, Сіздің сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымызға шолу жасап, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары бойынша келісімге келуге оңтайлы мүмкіндік береді«, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге сәлем жолдады.

«Бауырлас халықтарымыздың, елдеріміздің арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа үнемі жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі. Тауар айналымы мен бірлескен жобалардың ауқымы қомақты. Әрине, біздің байланыстарымыз тек екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ҰҚШҰ, ТМД және ЕАЭО аясында белсенді жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның бастамасымен қолға алынған жобалар табысты әрі белсенді іске асырылып жатыр«, – деді Сергей Шойгу.

Сондай-ақ оқыңыз