28 эксклюзивті сағат – Patek Philippe, Cartier, Breguet, Rolex және басқа да брендтер аукционға шығарылды

Жарияланды
Олигархтардың қандай сағаттарға құмар екені байқалады / Фото: shutterstock

28 эксклюзивті сағат сатуға шығарылды. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» АҚ электронды сауда өткізу туралы жария етті.

28 эксклюзивті сағат саудасы 2025 жылы 27-28 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында жүреді.

Активтер ашық сатылады

Kuva мәліметіне қарағанда, аукцион аясында 27 ақпанда – 5 актив, 28 ақпанда 23 актив сатуға шығарылады. Ол «бағаның жоғарылуы» форматында өтпек.

«Активтер саудалауға қатысушылардың бәріне тең қолжетімділік қамтамасыз етіліп, ашық әрі бәскелестік жағдайда сатылады», – делінген хабарламада.

Олигархтар қандай сағаттарға құмар?

Аукционға шығарылған сағаттардан олигархтардың қандай сағаттарға құмар екенін байқауға болады. Мәселен, 28 эксклюзивті сағаттың ішінде 7 – «Patek Philippe»,  3 – «Cartier», 4 – «Breguet», 1 – «Rolex» және басқа да сағаттар бар.

 «Patek Philippe», Grand Complications Perpetual Calendar қол сағаттарының бастапқы бағасы 16 370 331,00 теңге деп белгіленген. Кепілдікті жарнасы – 2 455 550,00 теңге.

«Bovet» Fleurier Grand Complications Amadeo Fleurier» қалта сағаты: бастапқы бағасы – 28 830 399,00 теңге. Кепілдікті жарнасы – 4 324 560,00 теңге.

Бағалары қанша?

Бағаларына аз-кем тоқтала кетсек, «Patek Philippe», Nautilus – 31 281 600,00 теңге; «Chopard» Imperiale – 4 819 512,00 теңге, «Cartier», Ballon Bleu – 2 826 674,00 теңге, «Patek Philippe» World Time Complicated Chronograph –  23 035 093,00 теңге, «Ulysse Nardin» Executive Skeleton Tourbillon – 7 011 660,00 теңге, «Alpina» Pilot Heritage – 157 158,00 теңге, «Patek Philippe» World time chronograph green Mecca Edition – 16 920 678,00 теңге, «Cartier» Rotonde de Cartier – 1 909 357,00 теңге, «Rolex», Sky-Dweller – 8 232 851,00 теңгеден басталады.

Саудаға қалай қатысуға болады?

28 эксклюзивті сағаттың бірін сатып алу үшін аукционда бақ сынап көру оңай. Ең алдымен E-Qazyna платформасына тіркелу қажет. 28 эксклюзивті сағат ішінен таңдау жасап, бірін сатып алғысы келген адам кепілділдік жарна төлеуге міндетті. Содан кейін қызықтырған лотқа өтініш береді.

Мұның алдында Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге болатын Астанадағы үйі сатылымға шығарылған болатын. 28 эксклюзивті сағаттың бірсыпырасы соған тиесілі болуы да мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз