![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2022/01/old-image-68132-1024x684.jpg)
Базалық мөлшерлемені мерзімінен бұрын төмендетсе, баға қысымы сақталып, инфляция жылдам жүреді. Долларлану күшейіп, халықтың жиған қаржысы құнсызданып кетуі мүмкін. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме жайлы «Ақ жол» партиясының депутаттық сауалына осылай жауап қайтарды.
2024 жылы желтоқсанда инфляция 8,6% деңгейінде болса, 2025 жылдың қаңтарында ол 8,9%-ке дейін өсті. Халық мұны тіпті жоғары деңгейде сезінетінін ескерсек, келесі жылы 14,6%-ға дейін өсуі мүмкін. Мұндай жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету керек емес дейді ол.
«Базалық мөлшерлемені төмендету елеулі салдарға әкеледі. Егер мөлшерлеме инфляция деңгейінен және халықтың, кәсіпорындардың, қаржы ұйымдарының күтулерінен төмен болса, онда қазіргі кезде 32,0 трлн теңгені құрайтын (жалпы депозиттік портфель – 41,3 2 трлн теңге) теңгелік салымдар депозиттік ставкалардың төмен болуына байланысты өз тартымдылығын жоғалтып, айтарлықтай қысқарады», – дейді Ұлттық Банк төрағасы өз жауабында.
Сүлейменовтың түсіндіруінше, базалық мөлшерлемені төмендетудің тағы да бірнеше теріс салдары бар:
- Адамдар бағаны одан әрі жеделдетуді күтіп, тауарлар мен қызметтерді
тез тұтына бастайды. Қаражаттардың валюталық активтерге аударуы, банк
жүйесінен депозиттердің кетуі, қолма-қол ақшаның өсуі, жылжымайтын
мүлікті қоса алғанда, баға мен бағамдық күтулердің өсуіне байланысты ұзақ
мерзімді тұтыну тауарларын сатып алуы күшейеді. - Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өседі, мемлекеттік тұрғын үй
бағдарламаларын құнсыздандырады. - Валюта нарығына қосымша қысым пайда болады. Оның әсерінен дедолларизация үрдісін бұзылып, валюталық дағдарыс пайда болуы мүмкін.
«Ұлттық валютаның әлсіреуі мен инфляцияның өсуі халықтың әлауқатына ауыр соққы асайды. Ең алдымен, жинақтары жоқ, жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін азаматтар зардап шегеді. Бизнес үшін де бұл үлкен қиындықтар туғызады. Банктер үшін, қаржыландыру мен кредиттеу көзі болатын теңгедегі депозиттер азайған жағдайда, бұл мөлшерлемелердің төмендеуіне емес, керісінше, өсуіне алып келеді. Нәтижесінде, оң әсердің орнына кері нәтиже аламыз», – дейді Тимур Сүлейменов өз сөзінде.
Бұған дейін қаңтарда «Ақ жол» партиясының депутаттары несие құнын 10-12% тиімді деңгейге дейін төмендету үшін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені қайта қарап, азайтуы тиіс деген талап қойған еді. Олардың пікірінше, дәл қазір базалық мөлшерлемені көтеретіндей маңызды себеп жоқ.
Ұлттық банк былтыр жыл соңында базалық мөлшерлемені бірден 1 пайызға көтеріп, 15,25 пайызға жеткізген еді. Оны төмендету не көтеруге қатысты келесі шешімді 7 наурызда жариялайды.