![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/0-68.jpg)
Павлодар облысы Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілері анықталғанын хабарлады.
Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды қарау барысында адам шошырлық фактілер ашылған. Пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсетіп келген.
Жәбірленушілердің бірінің жасы – 84-те.
«Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық күдікті анықталған.
Прокуратура тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.
Бұған дейін Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігітті зорлап кеткені хабарланған. Адвокат Ажар Әбділ тергеу жүрмей жатқанын, оқиға болған 2024 жылғы 27 желтоқсаннан бері сараптама жасалмағанынын айтады.