«Боран қатты соғып тұр». Астана-Қарағанды бағытында 200 көлік жолда қалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Астана-Қарағанды бағытында 200 көлік жолда қалды/Көрнекі сурет

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» тас жолында 200 жүзден астам көлік тұрып қалды. Жол боран мен көрінісітің қиындығына байланысты жабылды, деп хабарлады жергілікті «Патриот» Telegram-арнасы.

ㅤㅤ»13 ақпан күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Теміртау бекетінде Астана бағытына қарай жиналған көліктер саны:
ㅤ- Жүк көліктері – 113 техника, 166 адам.
ㅤ- Жеңіл көліктер – 98 техника, 177 адам.
ㅤ- Қоғамдық көлік – 2 автобус, 28 адам (Шымкент – Астана бағыты бойынша 26 адам, оның ішінде екі бала; және Алматы – Астана бағыты бойынша 2 адам)», – деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Даладағы ауа температурасы -4°C. Боран қатты жел соғып тұрғаны хабарланды.

Бұған дейін, қолайсыз ауа-райына байланысты Ақмола облысының аумағында, Павлодарға мен Петропавлға баратын жолдар жабылған.

Сондай-ақ оқыңыз