Kaspi финтех компаниясының акциялары қайтадан қымбаттап жатыр
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/38-13-1024x576.jpg)
Нью-Йорк қор биржасында (NASDAQ) Kaspi.kz финтех компаниясының акциялары 7,47%-ға қымбаттап 102,6 доллардан сатылды.
Қазақстан қор биржасында да Kaspi акциялары 3,6%-ға өсіп, 52,3 мың теңгеге сатылып жатыр. Капитализациясы 9,9 трлн теңгеден асты.
Оған компанияның негізі акционерінің бірі – Вячеслав Кимнің Jusan банк акцияларын сатып алу ойы бар екенін растауы ықпал етуі мүмкін.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/kase-kaspi-1-1-1024x576.png)
Бұған дейін Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алғалы жатқанын Kursiv.Media-ға растаған болатын. Дегенмен ол бұл мәміленің Kaspi-ге ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткен.
Ким Jusan Bank-ке қызығып жүргені туралы мәлімет алғаш рет 2024 жылғы қыркүйекте пайда болған. Сол кезде Bloomberg миллиардер осы банкті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жүргенін дереккөздерге сүйене отырып хабарлаған.
Вячеслав Ким – Kaspi.kz акционері (үлесі – 20,39%). Бұған қоса «Алсеко» мажоритарлық акционері және Magnum Cash&Carry бөлшек сауда желісінің түпкілікті бенефициары.