Қосылған құн салығы көтерілсе, тауар мен азық-түлік бағасы қалай қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қосылған құн салығы көтерілсе, тауар мен азық-түлік бағасы қалай қымбаттайды/Фото: shutterstock

Қосылған құн салығы 16%-ға дейін көтерілсе, құрылыс материалдарын қоса алғанда, бүкіл тауарлардың бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.

«Маған белгілісі, ҚҚС жаңа үйлердегі пәтерлердің сатылымына қолданылмайды, мүмкін басқа салық түрі енгізілуі мүмкін. Алайда ҚҚС салынатын барлық тауардың бағасы өседі. Біз қысқамерзімді бір реттік инфляциялық әсер 3–3,5 % деңгейінде болады деп күтіп отырмыз», — деді шенеунік.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің қосылған құн салығын қазіргі 12 пайыздан бірден 20 пайызға көтеру бастамасын құптамады. Сосын Үкімет салық мөлшерлемесін 16 пайызға жеткізуге шешім қабылдаған. Бұл норма жаңа Салық кодексінде жазылып, 20 ақпаннан кейін Мәжіліс қарауына жіберілмек.

Сондай-ақ оқыңыз