![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/1-23.jpg)
Ауа райының күрт құбылуына байланысты Астанаға апаратын екі республикалық маңызды жол уақытша жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, Павлодарға және Петропавлға баратын екі жол Ақмола облысы аумағында жабылған.
«2025 жылғы 13 ақпан сағат 08:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 ш, Астана қ. уч. – Павлодар облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Бұл автожолдың Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысындағы Шідерті кентіне дейінгі аумағына да шектеу қойылған.
«ҚазАвтожол» ақпаратына сүйенсек, жолдарды 13 ақпан кешкі сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Төтенше жағдайлар министрлігі солтүстікте ауа райының күрт суып кетуіне байланысты ескерту жариялап, тұрғындарға алыс сапарға шықпауды ескертті.