Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымының барысын бағалау үшін Түркістан облысына барған. Ол Кентаудағы жаңартылған ЖЭО-5-ті аралап, 8 қазандықтың 6-сы жаңартылып, жылу желілері ауыстырылғанын көріп қайтқан.
Министрліктің баспасөз хабарламасына сүйенсек, орталықтағы жабдықтың тозуы 84%-дан 37%-ға дейін төмендеген. Апаттар саны бірнеше есе азайып, қала тұрғындарының шағымдары да қысқарған. Себебі жергілікті атқарушы органдарға тұрғындардан хабарлама түспеген.
Министр ЖЭО-ны келесі жылыту маусымына дайындауды тапсырған. Ол үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу, отын қорын құру және энергетиктердің жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ орталықта жаңа электр станцияларын салу, ЖЭК-ті дамытуды және елдің энергия жүйесін жаңғырту жоспарланған.
Айта кетейік, Сәтқалиев 2024 жылдың маусым айында жылыту маусымына дайындық дұрыс басталмаған өңірлердің қатарында Кентау қаласы барын айтқан. Ол дәл осы 5-орталықтағы қазандықтардың жөндеу барысын сынға алған.