Lifestyle

«Бозторғай» әні 36 жылдан кейін «Болмаған балалық шақ» фильмінде қайта шырқалды

«Болмаған балалық шақ» фильмінде «Бозторғай әні шырқалды / фото: скрин

Мейрамбек Беспаевтың бала кезінде орындаған «Бозторғай» әні араға 36 жыл салып, халықпен қайта қауышты.

Әннің жаңа тынысы Ақберен Елгезек түсірген «Болмаған балалық шақ» фильмінің саундтрегі ретінде ұсынылып отыр. Бұл жаңалықты танымал әнші Мейрамбек Беспаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Ардақты достар! Ақберен Елгезек досымның түсірген «Болмаған балалық шақ» фильмінің саундтрегі ретінде ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар! Кинофильм 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды. Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!», – деп жазды әнші.

27 ақпаннан бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін «Болмаған балалық шақ» фильмі көрерменге өмірдің қиын сынақтары мен балалық шақтың мәнін терең ұғындыруды мақсат етеді.

YouTube video player