![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/baraat-tueni-1024x576.png)
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Бараат түнінің артықшылықтарын жазып шықты. ҚМДБ мәліметінше, Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түн, Бараат түні. 2025 жылы бұл түн ақпан айының 13-інен 14-іне қараған түнге сәйкес келеді.
Араб тілінен аударғанда «Бараат» – кешірім, тағдыр, тозақтан құтылу түні деген мағынаны білдіреді. Бұл түні әр адамның бір жылдық тағдыры жазылып, ризық-несібесі, өмір сүру ұзақтығы, дүниеге келетін және өмірден өтетін адамдардың есімі анықталады. Сондай-ақ, Алланың мейірімі түсіп, көп адамның күнәсі кешіріледі.
ҚМДБ мәліметінше, бұл түнді құлшылықпен өткізу – мұстахаб (ұсынылған амал).
«Ілгерідегі ғалымдар бұл түнді құлшылықпен өткізуді мұстахаб деген. Сондықтан бұл түнді Құран оқу, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көп салауат айту, тәсбих тарту, нәпіл намаздар оқу секілді құлшылықтармен өткізу керек. Өйткені бұл түні белгіленген, арнайы жасалатын ғибадат түрі жоқ. Намаз жамағатпен оқылмайды, жеке-жеке оқылады», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесін жариялаған еді. 2025 жылы Ораза айы наурыздың 1-29 аралығына түсіп отыр