Жаңалықтар

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды

Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды / фото: kazakh-news.kz:

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астана қаласында 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«29 қаңтар күні түнгі сағат 3-те полиция қызметкерлері Астана қаласындағы Төлебаев көшесінде оның Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде екені анықталды»,– делінген хабарламада.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ержан Бабақұмаровты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдан бастап Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы.