Жамбыл облысында полицей өзін-өзі атып өлтірді
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2022/01/old-image-63301.jpg)
Жамбыл облысында полицей өзін-өзі атып өлтірді. Полиция департаменті қызметкерінің өзіне қол салғанын растады.
Телеграм арналардың бірінің ақпаратынша, оқиға Жасөркен ауылында болған.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеуге жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады жергілікті полиция.
Полицияның хабарлауынша, тергеудің толық, объективті және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.
Жамбыл облысында полицей суицид жасағаны жайында ақпарат тарады. Алдын ала тараған мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы Жасөркен ауылында 12 ақпанда кешкі сағат 18:15-де ГРЭС бекетінде тұрған, 2003 жылы туылған полиция қызметкері өзін-өзі атқан. Оқиға орнына құзырлы органның қызметкерлері келіп жеткен.
Мұның алдында Ақтөбе облысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы өз-өзіне қол жұмсағаны жайында жазған едік.