Chevron жұмысшылардың 20%-ын қысқартқалы жатыр – Financial Times

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Chevron жұмысшыларының 20%-ын қысқартады / фото;REUTERS/Shamil Zhumatov

Америкалық Chevron компаниясы қызметкерлерінің 20%-ын қысқартуды көздейді деп хабарлайды Financial Times.

Мұнай гиганты 1993 жылдан бері Қазақстандағы Теңіз мұнай-газ кенішін игерумен айналысады. «Теңізшевройл» кәсіпорынында 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың 95%-ы – Қазақстан азаматы.

Chevron компаниясының мәлімдеуінше, 2026 жылдың аяғына дейін әлемдегі түрлі кәсіпорындарындағы жұмысшылардың бестен бірі қысқартылады. Мұндай шара шығынды азайту мақсатында қабылданып отыр.

Компания төрағасының орынбасары Марк Нельсонның мәлімдеуінше, құны 280 млрд доллар болатын ауқымды активті оңтайландыру, өндіріс көрсеткішін арттыру үшін соны технологиялар пайдалану, жұмысты орындау әдісін өзгерту қолға алынды.

«2025 жылдан бастап жұмыс күшінің 15-20%-ы қысқарады деп болжап отырмыз. Мұндай өзгерістер 2026 жылдың аяғына дейін созылады»,- дейді Нельсон.

Компания шығынды қысқарту жоспарын былтыр қарашада жариялап, 2-3 млрд доллар үнемдегісі келетінін мәлімдеген.

2023 жылдың аяғындағы мәлімет бойынша, Chevron-ға тиесілі кәсіпорындарда 46 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз