«2,5 млрд — бұл көп емес»: экономика вице-министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру жайлы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ұлттық экономика вице-министрі Жеңіс шеруіне кететін шығын аса көп емес деп санайды / Фото: kursiv.media архиві

Елде бюджет тапшылығы орын алып жатқанда , Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 млрд теңге қаржы бөлу тым көп емес пе? Бұл сұраққа Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді.

Вице-министр Жеңіс шеруіне Қорғаныс министрлігі тікелей жауап беретінін, оған жұмсалатын қаржы мәселесі де сол ведомствадан сұралу керек екенін айтты. Десе де Арман Қасенов мұндай ірі шаралар туралы әңгіме болғанда, оған қанша қаржы жұмсалатынынан гөрі, оның маңыздылығына мән берген жөн деп санайды. Өйткені форумдар, шерулер және басқа да іс-шаралар елдің беделін арттырып, имиджін күшейтуге, сондай-ақ инвестиция тартуға көп көмегін тигізетінін тілге тиек етті.

«Мысалы, 1, 2 немесе 3 миллиард теңге көлеміндегі қаржы Қазақстан экономикасы үшін аса үлкен емес. Жақында Астана халықаралық форумы туралы сұрақ қойылғанда, Ұлттық экономика министрі оған демеушілік қаражат тарту жоспарланып отырғанын айтты. Толықтай болмаса да, демеушілер есебінен белгілі бір бөлігі қаржыландырылады деп күтілуде. Бірақ тіпті бұл қаражат бюджеттен бөлінген күннің өзінде, 1,4-2 миллиард теңге елдің халықаралық деңгейде танымалдылығын арттырып, инвесторларды тарту үшін аса үлкен сома емес»,- деді вице-министр Сенат кулуарында.

Арман Қасенов 2-3 млн доллар көлеміндегі қаражатты осындай шаралар өткізуге жұмсау әбден орынды деп есептейді. Ээкономикалық өсімге ықпал етіп, болашақта бірнеше есе болып қайтатынын мәлім етті.

Айтып өтейік, осыған дейін Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлер қозғалысына және форма тігуге жұмсалмақшы.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев  биыл Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз