Сол жағалаудағы ауыс-түйіс: Дүйсенова Ақордаға кетіп, орнын Көшербаев басты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Дүйсенова Ақордаға кетіп, орнын Көшербаев басты/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар кадрлық өзгеріс жасады.

Үкіметтегі әлеуметтік салаға жауапты болған Тамара Дүйсенованы өзіне көмекші етіп, оның орнына Шығыс Қазақстан облысын басқарып келген Ермек Көшербаевты қойды.

Тамара Дүйсеноваға қазіргі қызметі де, бұрынғы лауазымы да жат емес.

Ол 2020-2022 жылдары пандемия мен постпандемиялық кезеңде президенттің көмекшісі болған.

2023 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне тағайындалған. Артынша тек вице-министр қызметінде қалып, бірақ әлеуметтік салаға жауапты болып келді.

Ал Ермек Көшарбаев ШҚО әкімі болып бір жарым жыл қызмет етті.

Оның алдында бес жыл дипломатиялық лауазымдарда болды. Ауыл шаруашылығы саласында вице-министр қызметін атқарған тәжірибесі бар.

Ақпанның басынан бері мемлекеттік сектор мен квазимемлекеттік ұйымдарда бірқатар кадрлық өзгерістер орын алған. Мәселен, экс-президенттің немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетсе, Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылды. Оның алдында Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен алынған.

Сондай-ақ оқыңыз