Қазақстан Қырғызстаннан Mudarabah Capital ісіндегі фигурантты беруді сұрады
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/14-13-1280x960-1-1024x768.jpg)
Қазақстан Қырғызстаннан Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрып, басқарды деп күдікке ілінген Әділет Оразды экстрадициялағалы жатыр. Бұл туралы «Курсивке» ІІМ хабарлады.
«Ораз Қырғызстанда ұсталды, ол сол елдің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға халықаралық келісімдер аясында экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», – деп жауап берді ҚР Ішкі істер министрлігі «Курсивтің» сұрауына.
Істе сондай-ақ 2022 жылдан бері қаржы пирамидасын жарнамалады деген күдікпен іздеуде жүрген блогер Әзімжан Саидбаев та аталады. ІІМ мәліметінше, ол әлі де қашып жүр.
«Саидбаев мемлекетаралық және халықаралық іздеуде. Оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда», – делінген жауапта.
Қазақстан Әділет Оразды 2021 жылдың қарашасынан бері іздеп келген. Ол Mudarabah Capital құрылтайшыларының бірі ретінде аталады. 2024 жылдың қаңтарында ол Бішкекте ұсталды. Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, Ораз көрші елде тұрып келген.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп жатыр. Олар 2023 жылы маусымда 5 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.
Жуырда сотталушы вайнерлердің бірі Мейіржан Төребаев жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға алмастыруды сұраған.