![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/depositphotos_325360888-stock-photo-blow-brass-knuckles-infliction-grievous.webp)
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Меркі ауданында мектеп оқушысын өлтірген екі жасөспірімге үкім шығарды.
Мән-жайы
2024 жылғы мамырда кәмелетке толмаған сотталушылар мен жәбірленуші арасында жанжал болып, сотталушы С., сотталушы Б.-ның нұсқауымен темір кастетпен жәбірленушінің желке тұсынан ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Соққы салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Тараптардың позициялары
Прокурор айыпталушылардың әрқайсысын 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші тарап сотталушыларды қатаң жазалауды сұрады. Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.
Сот шешімі
ҚК-нің 55, 81-баптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 9 жылдан (12 жылдың 3/4 бөлігі) аспауы керек.
Кәмелетке толмаған сотталушы Б. қылмыстағы бастамашы рөлі ескеріліп, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Кәмелетке толмаған сотталушы С.-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот әрбір сотталушының заңды өкілдерінен моральдық шығынды өтеу үшін 10 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында 8 сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.