Қазақстандықтар негізінен қайда жұмыс істейтіні белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтар негізінен қайда жұмыс істейтіні белгілі болды/Фото: shutterstock

2024 жылғы IV тоқсандағы көрсеткішке сай, елде әртүрлі салада 9 млн 197 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 7 млн 47 мыңнан астам адам жалдамалы қызметкер болса, 2 млн 149 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бұл туралы Статистика бюросы хабарлады.

Жұмыспен қамту деңгейі 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда 65%-ды құраған.

Динамика

2023 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 154,8 мың адамға өскен. Бұл негізінен жалдамалы қызметкерлердің (141,5 мың адамға) есебінен болған. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 13,3 мың адамға артқан.

Қазақстандықтар қайда істейді

Азаматтардың ең көп бөлігі сауда (16,8%), білім беру (13,1%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,6%) салаларында істейді. 

Жұмыссыздық деңгейі

Халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша жүргізілген іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 4,6%. Жұмыссыздардың үлесі 2025 жылғы қаңтар айының соңына қарай жұмыс күшінің 2,9%-ын құраған.

Бұған дейін, қаңтар айында математика пәні мұғалімдері мен тәрбиешілерге сұраныс артқанын жазғанбыз. Одан бөлек психолог, әлеуметтік педагог сынды мамандықтарға сұраныс жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз